Ең арзан бензин қайда сатылады?

бензин
Фото: Родная сторона

Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz — 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылдың бірінші тоқсанында Алматыда АИ-92 маркалы бензин бағасы 15 пайызға немесе 22 теңгеге артты, деп хабарлайды LS.

Егер 2017 жылдың наурыз айында бензиннің бір литрінің бағасы 142 теңге болған болса, қазір отынның орташа құны 164 теңгені құрайды.

Ал ең төменгі баға Royal Petrol-да байқалады. 1 литрдің бағасы 162 теңге. Sinoil-де AИ-92-нің бір литрі 164 теңгеге сатылады. ҚазМұнайГаз жанармай құю бекетінде 1 литр 163 теңге тұрады. 2018 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, баға 3 пайызға өскен.

1 литр үшін 164 теңге — Қазақстан үшін ең қымбат көрсеткіш. Елде орта есеппен бензин 161,62 теңге тұрады.

АИ-95 және АИ-96 үшін ең жоғары баға Қостанайда (бір литріне 182 теңге). Ал, ең төменгі баға Таразда (литріне 172 теңге).

Сонымен қатар, AИ-98 бензинінің жоғарғы құнына сәйкес Астана көшбасшы саналады. Елордада осындай отынның құны Алматыға қарағанда шамамен 20 теңгеге қымбат.

Сондай-ақ, жазғы дизельдік отын Көкшетауда, ал қыста Қарағандыда ең тиімді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!