Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz — 2018 жылы наурыз айында Қазақстандағы күнкөріс минимумы 26,2 мың теңгені құрады, деп хабарлайды LS.
Статистика комитетінің деректері бойынша, бұл көрсеткіш бір айда 0,7 пайызға, ал жыл басынан бері 2,3 пайызға өскен.
Күнкөріс минимумында азық-түлік тауарларына 14,4 мың теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 11,8 мың теңге бөлінді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (31,5 мың теңге), Астана (30,1 мың теңге) және Алматыда (29,6 мың теңге) тіркелсе, ал ең төменгі деңгей Павлодар облысы (23,3 мың теңге) мен СҚО-ында (23,7 мың теңге) байқалды.