Михаил Васятин «Сбербанк» төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

төрағасының

Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz — Михаил Васятин «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Михаил Вениаминович — жоғары білікті топ-менеджер. Ол банк секторында бірегей тәжірибеге ие. Жақын арада біз оның жұмысының алғашқы нәтижелерін көретінімізге сенімдімін», — деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Александр Камалов.

Михаил Васятиннің банк секторындағы жұмыс тәжірибесі 20 жылдан асады. Қазақстан Сбербанкіне тағайындалғанға дейін ол «Сбербанк» ЖАҚ Солтүстік банктің Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Михаил Вениаминович П.Г. Демидов атындағы Ярославль мемлекеттік университетін бітірді. «Экономика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Алдағы уақытта Сбербанктің Басқарма төрағасының орынбасары Михаил Вениаминович қаржы блогын қадағалайтын болады.