Үкіметтік емес ұйымдар арасында 965 млн теңге үлестірілді

теңге
Фото: arnapress.kz

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz — Астанада комиссия үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар байқауының қорытындысын шығарды.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қаңтар айында конкурс жариялады. 2018 жылы 11 бағыт бойынша  965 млн теңгеге барлығы 87 грант қарастырылған. Олардың ішінде — жастарды қолдау, халықтың әлеуметтік осал топтары, дерадикалдандыру саласындағы жұмыстар, түрлі деструктивті ағымдардың құрбандарын қайта әлеуметтендіру, АҚТҚ, туберкулез туралы ақпарат және басқалар.

«Бұл 87 тақырып бойынша 352 өтініш келіп түсті. Өтініштерді өңдегеннен кейін біз конкурсқа 202 өтінім жасадық. 23 тақырып бойынша бірде-бір өтінім түскен жоқ немесе тек біреу ғана келді. Ережеге сай, бұл ҮЕҰ-ға конкурсқа қатысу құқығын бермейді. Біз бұл  тақырыптар бойынша жаңа конкурс жарияладық. Өтініштер 23 сәуірге дейін қабылданады», — деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев.

Шешілмеген тақырыптар: жас жұптарға, жас жазушыларға, журналистерге және ақындарға қолдау көрсету, ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін талдау, нәсілдік кемсітушілік жағдайлары және басқалар. Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар құралы 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қаражат Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан бөлінеді.

«Бұл үкіметтік емес ұйымдарға проблеманы шешуге арналған жобаны жасауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша мемлекеттік орган проблеманы көріп, техникалық ерекшелікте ҮЕҰ үшін жол картасын белгілейді. Тапсырыс алу кезінде, ең алдымен, баға белгіленеді. ҮЕҰ проблеммаларды көргеннен кейін, оны шешудің жолын ұсынады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл жобаларды іске асырудағы тиімді жол», — деді Нұрлан Өтешев.