Facebook қосымшаларға қолданушылар туралы ақпаратты иемденуге тыйым салды

қосымшаларға
Фото: bright.nl

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz – Facebook әлеуметтік желісі қосымшаларға қолданушылардың мәліметтерін алуға тыйым салды. Бұл туралы компания өкілдері айтты.

«Бүгіннен бастап Facebook бағдарламалық интерфейстерді қолданатын қосымшаларға жазбалар мен қонақтар тізімі туралы мәліметті иемденуге тыйым салады. Болашақта біз рұқсат берген және талаптарымызға толықтай сай келген қосымшалар ғана қолданушылардың мәліметтеріне қол жеткізе алады», — делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі қосымшаларға қолданушылардың діни және саяси көзқарасы, отбасылық жағдайы және жұмысы мен білімі туралы ақпаратты көруге тыйым салатын болады.