Бензин тапшылығы жоқ. Керісінше отын бағасы арзандайды — Бозымбаев

бензин
Фото: StartInfo

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz — 12 сәуірден бастап «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю станцияларының желісінде АИ-92 маркалы бензин құны бір литрге 159 теңгеге дейін төмендетілді, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз Өнімдері».

Компанияның баспасөз қызметінде айтылғандай, арзан бағалы бензин тек көктемгі маусымда сатылады.

«12 сәуірден бастап,« ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю станцияларында көктемгі кезеңде АИ-92 маркалы бензин құны 4 теңгеге төмендеп, литріне 159 теңге болады», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы артық бензин туралы және бензин бағасының арзандауы туралы айтқан болатын.

«Қазір бензин тапшылығы жоқ, тіпті отын бағасын арзандату мүмкіндігі бар. Себебі қазір Қазақстанда бензин артығымен өндіріліп жатыр», — деді Бозымбаев.