ЖаңалықтарТаңдаулы1

9 айда 294 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды

Жұмыспен қамту орталығының қызметіне 543,6 мың адам жүгінген.

Алматы. 9 қараша. 7kun.kz – 2018 жылдың 9 айында Қазақстанда жұмыс істейтін 200 жұмыспен қамту орталығының қызметіне 543,6 мың адам жүгінген, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,1 мың адамға (6,5%-ға) көп.

Өтініш берген азаматтардың 48,8%-ын әйелдер, 38%-ын 29 жасқа дейінгі жастар және 17,7%-ын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар құрайды.

Тұрақты жұмысқа 294,5 мың адам орналастырылды, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81,7 мың адамға (38,4%-ға) артық.

Көп жағдайда жұмыс берушілер еңбекке ақысы төмен бос жұмыс орындарын мәлімдейді. Үміткерлердің 75%-ы айына 50 мың теңгеден кем, тек 2%-ы 100 мың теңгеден жоғары  жалақы алатын бос жұмыс орындарына орналастырылды.

Сонымен қатар, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты толтыру сапасы төмен болып қалуда. Бос жұмыс орындарының 2%-ында жұмыс берушілер жалақының көлемін жазбайды немесе ең төменгі жалақыны көрсетеді.

Дегенмен, жұмыс берушімен әңгімелесу барысында жұмыс іздеуші үшін жоғары жалақы деңгейі белгіленуі мүмкін.

Tags

Осы айдарда

Close