Әуе компаниялары жолаушы тасымалынан 61,9 млрд теңге табыс тапты

61,9
Фото: focus.ua

Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz — 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында әуе компаниялардың жолаушыларды тасымалдаудан түскен табысы 18,2 пайызға, 61,9 млрд теңгеге дейін артты, деп хабарлайды LS.

Сонымен қатар, жолаушылар тасымалы 21,8 пайызға  өсіп, 1,7 млн адамды құрады.

Жолаушылар айналымы болса, 23,6 пайызға артып, 3,4 млрд жолаушы-километрді құрады.

Бұдан басқа, тауарлар мен жүктерді тасымалдаудан түсетін табыс 17,4 пайызға (1,4 млрд теңгеге дейін) өсті. 2018 жылдың екі айында барлығы 5,2 мың тонна заттар мен тауарлар тасымалданды (өсім 17,1 пайыз).

Жыл басынан бері жүк айналымы 16,1 пайызға артып, 12,2 млн тоннаға жетті.