Ресейде сот Telegram-ды бұғаттау туралы шешім шығарды

156

Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz – Бүгін Мәскеудің Таганск аудандық соты РесейдеTelegram мессенджерін бұғаттау туралы шешім шығарды, деп хабарлады lenta.ru.

Сот шешімі бойынша, Telegram-ның қызметі Федералдық қауіпсіздік қызметінің ақпаратты шифрлау кілтін беру талабын орындағанға дейін шектелмек.

Сот шешімі дереу орындалуы тиіс. Компания сот шешіміне бір ай ішінде шағымдана алады.

Мессенджерді бұғаттау туралы шағымды сотқа Роскомнадзор түсірген. Мекеме Telegram-да «террорлық ұйымдар қолданатын мәліметтер болуы мүмкін» деп, мессенджер қызметін дереу шектеуді талап еткен.

Сотқа Telegram өкілдері қатысқан жоқ. Шағым бірнеше минут қана қаралды. Кеше мессенджердің негізін салушы Павел Дуров адвокаттарына сотқа қатысуға тыйым салған, бірақ адвокаттар сот отырысын кейінге қалдыруды сұраған. Бүгін сот ол талап-арызды қабылдамай тастады.

Мұның алдында аталған мекеме Telegram мессенджерін ФСБ-нің сұрауымен бұғаттау туралы сотқа шағымданған. Бұған қоса мекеме мессенджер қолданушылары қалдырған жазбалардың құпия кілтін ФСБ-ге тапсыруды талап еткен. Өткен аптада мессенджер басшылығына берілген уақыт аяқталды.

Ақпарат көзі: Baq.kz