Банк жаңалықтарыЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1

Ақша-кредит талаптары бейтараптылыққа ұмтылады — Данияр Ақышев

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz — Ақша-кредит талаптары бейтарап болуын жалғастыруда. Ұлттық банк 2018 жылы бейтарап ақша-кредит талаптарын сақтауды қамтамасыз ете отырып, базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендету саясатын жалғастырады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында телевизиялық БАҚ-қа арналған брифингте сөйлеген сөзінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

Ол бұл баға тұрақтылығын қолдау мен экономиканың әлеуетті өсу қарқынына қол жеткізуге жәрдемдесу арасында теңгерімділікті сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тұтастай алғанда, Ұлттық банктің бағалауынша, макроэкономикалық көрсеткіштердің ағымдағы серпіні сақталған жағдайда, инфляция 2018 жылы нысаналы 5-7% аралығында сақталады.

Ішкі қаржы нарығындағы ағымдағы ахуалға келер болсақ, Д.Ақышевтың айтуынша, алдын ала деректерге сәйкес, наурызда Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 0,3%-ға өсіп, 31,1 млрд АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері жиынтығында 90,4 млрд АҚШ долларына жетті.

«Ақша нарығында артық өтімділік сақталып отыр. Ол инфляциядан кейінгі қысымды шектеу мақсатында көбіне ноттар шығару арқылы алынады. 13 сәуірде Ұлттық банктің өтімділікті таза алуы 3,0 трлн теңге болды. Айналыстағы қысқа мерзімді ноттар көлемі жыл басынан бері 30,2%-ға ұлғайып, 4,1 трлн теңге болды. Ноттар бойынша кірістілік сәуірде мерзімділігіне қарай 8,45-8,57% аралығында болды», — деді Д.Ақышев.

ҚРҰБ-ның тікелей РЕПО операциялары бойынша ашық позициясының көлемі 113 млрд теңге, кері РЕПО операциялары бойынша 183 млрд. теңге, Ұлттық банктегі банктік депозиттердің көлемі 156 млрд теңге болды. TONIA мөлшерлемесі базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің төменгі шегіне жақын қалыптасты. 2018 жылғы 13 сәуірдің қорытындысы бойынша ол 8,58%-ды құрады, — деп толықтырды ол.

Tags

Осы айдарда

Close