Қазақстандықтардың жартысынан астамы айына 70 мың теңгеге күн көреді

70
Фото: Маркет

Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz — 2017 жылы халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы 570,7 мың теңгені (айына 47,5 мың теңге) құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 7% артық, деп хабарлайды LS.

Сонымен бірге, жан басына шаққандағы орташа шығындар 10,7%-ға, 555,8 мың теңгеге дейін (айына 46,3 мың теңге) өсті.

Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен халықтың үлесі жылына 2,6%, ал кедейлік тереңдігі мен ауырлығы сәйкесінше 0,4% және 0,1% құрады.

Табыстары бойынша бөлуді ескере отырып, халықтың 54,7%-ы 30 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін табыс тапқанын атап өтуге болады.