Теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,5 пайызға әлсіреді

аптаның
Фото: Today.kz

Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz — 5 мамырдағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,5%-ға (327,25-тен) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 328,85 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлады Ұлттық банк.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Түрік лирасы S&P рейтингтік агенттігінің ел рейтингін ВВ-ден ВВ-ге дейін төмендету аясында 4,7%-ға (4,04–тен 4,23-ке дейін) әлсіреді. Агенттіктің мазасыздануының негізгі себептері реттеушінің тежеуші монетарлық саясатына қарамастан, валюта бағамдары құбылмалығының және инфляцияның өсуі болды. Сондай-ақ, министрліктің қосымша шығыстардың 2018 жылы 5,8 млрд АҚШ долларына ұлғаюы туралы мәлімдемесіне байланысты мемлекет тапшылығының өсуі болжануда.

Мексика песосы болжам 1,7% болғанда ІЖӨ-нің 1-тоқсанда 1,2%-ға өсуі бойынша алдын ала деректерді жария етуі аясында және алдағы 1 шілдедегі жалпы сайлауларға байланысты саяси тәуекелдің өсуі аясында 3,5%-ға (18,61-ден 19,27-ге дейін) әлсіреді;

Бразилия реалы 0,5%-ға өсу болжамы кезінде наурыз айында өнеркәсіптік өндірістің 0,1%-ға құлдырауы аясында 2,0%-ға (3,46-дан 3,53-ке дейін) әлсіреді;

Оңтүстік Африка рэнді АҚШ долларының нығаюы және АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздары кірістілігінің өсуі аясында инвесторлардың төзімділігі тәуекелінің азаюымен байланысты 1,4%-ға (12,33-тен 12,50-ге дейін) әлсіреді;

Ресей рублі 0,5%-ға (62,16-дан 62,46-ға) дейін) әлсіреді;

Индонезия рупиясы 0,4%-ға (13 893-тен 13 945-ке дейін) әлсіреді;

Үндістан рупиясы 0,3%-ға (66,66-дан 66,87-ге) әлсіреді.