2018 жылғы сәуірде инфляция 0,4 пайыз болды

сәуірде
Фото: today.kz

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылғы сәуірде инфляция 0,4%, жылдың басынан бері – 2,2% (2017 жылғы қаңтар-сәуірде – 2,7%) болды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылдық инфляция 6,5% деңгейде қалыптасты және 2018 жылдың соңында Ұлттық банктің 5-7% нысаналы дәлізінің ішінде болды. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 8,5%-ға, азық-түлік тауарларына және ақылы қызмет көрсету – тиісінше 5,5% және 5,7%-ға өсті.

Сондай-ақ, 2018 жылғы сәуірде халықтың инфляциялық күтулерінің аздап өсуі байқалды. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалау нақты инфляцияның мәніне жақындап, 6,3% болды.