Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 31,8 млрд долларға жетті

резервтері

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылғы сәуірде Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері, алдын ала деректер бойынша 3,7%-ға немесе 1,1 млрд АҚШ долларға, 31,8 млрд АҚШ долларына дейін өсті (жыл басынан бері 3,4%-ға немесе 1,0 млрд АҚШ долларына өсті).

Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (58,9 млрд АҚШ доллар) қоса алғанда, 2018 жылғы сәуірдің соңында 90,7 млрд АҚШ доллары болды.

Үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі Ұлттық қордың активтерін толықтыру, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен бейтараптандырылды. Бұдан басқа, банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар ұлғайды.

Ақша базасы сәуірде 5,1%-ға кеңейді және 4 799,9 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 4 590,0 млрд теңгеге дейін, 8,3%-ға кеңейді.

Сәуірдегі ақша массасы алдын ала деректер бойынша 1,7%-ға ұлғайды және 18 940,9 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 1 886,1 млрд теңгеге дейін, 4,2%-ға ұлғайды.