Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 7 млрд теңге болды

бағалы
Фото: Atameken Business Channel

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 77,3 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырды.

Барлығы 5 аукцион өткізілді (қаңтарда, наурызда және сәуірде), онда 15 жылдық, 14 жылдық және 10 жылдық МЕУКАМ орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік 8,45% – 8,66% аралығында болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2018 жылғы сәуірдің соңында 6 857,4 млрд теңге болды.

Бұл ретте кірістіліктің қисықтың қысқа мерзімді және орта мерзімді секторларының бойымен төмендеуі және оның нысанының біртіндеп қалпына келуі жалғасады.