Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 17 млрд теңгені құрады

депозиттік
Фото: Альфа-Банк

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz — Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы сәуірдің соңында 17 054,8 млрд теңге (бір айда ұлғаю 1,4%) болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 8 905,2 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 8 149,6 млрд теңгеге дейін 1,9% — ға өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 376,9 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға қысқарды, шетел валютасымен 7 678,0 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі сәуірдің соңында 45,0% (наурызда – 44,0%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы сәуірде 5 227,3 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға қысқарды, шетел валютасымен 3 677,9 млрд теңгеге дейін 6,2%-ға (заңды тұлғалардың депозиттерінен 41,3%) өсті.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 149,6 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды, шетел валютасымен 4 000 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға (жеке тұлғалардың депозиттерінен 49,1%) өсті.

Мерзімді депозиттер көлемі бір айда 0,5%-ға ұлғайып, 11 772,9 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютамен салымдар 6 369,2 млрд теңге, шетел валютасымен – 5 403,8 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,3% (2017 жылғы желтоқсанда – 8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 11,6% (11,7%) болды.