Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz — Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2018 жылғы қаңтар-сәуірде 353,2 млрд теңгеге (4,5%) ұлғайып, 2018 жылғы 1 мамырда 8 133,9 млрд теңгені құрады.
2018 жылғы 1 мамырда 2 944,2 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 2018 жылғы қаңтар-сәуірде 169,3 млрд теңгеге ұлғайды.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2018 жылғы 1 мамырда 9,6 млн шотты құрады.
Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2018 жылғы қаңтар-сәуірде 83,0 млрд теңгені құрады.
Айта кетерлігі, БЖЗҚ-тың жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін 2018 жылғы 1 мамырда бұрынғыдай, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 45,7%-ын және 27,7%-ын) құрайды.