Электр энергетикасы секторы 8,7 пайызға ұлғайды — Бозымбаев

Бозымбаев
Фото. Tengrinews

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылдың 31 мамырында Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы министрлік жұмысының қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңесте баяндама жасады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өз баяндамасында министр мұнай-газ, электр энергетикасы, көмір, атом өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары туралы әңгімеледі.

Мұнай-газ саласында секторлардың көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуі байқалды. 2017 жылға қарай мұнай және газ өндіру көлемі 2016 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 10,5% және 14% артты.

ҚР Энергетика министрі мұнай-газ химия өнеркәсібін дамытуға үлкен мән берді. Соңғы жылдарда мұнай және газ-химия салаларын ұйымдастыруға жағдай жасау үшін заңнамалар айтарлықтай жақсарды.

Полипропилен (жылына 500 мың тонна қуаттылығы, 2,6 млрд доллар) және полиэтилен (жылына 1,2 млн тонна, құны 6,5 млрд доллар) жобаларын жүзеге асыру шамамен 9 млрд доллар тартады. Сондай-ақ, құрылыс кезеңінде 10 мыңға жуық жұмыс орны және пайдалану кезінде 1000 жұмыс орнын құрылатын болады.

Электр қуаты секторы өсіп келе жатқан тұтыну аясында электр энергиясын өндіру бойынша 2017 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға ұлғайды.

2018 жылдың соңына қарай «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» өңіраралық жобасының 500 кВ желісінің құрылысының II кезеңі толығымен аяқталады. Жоба Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысының энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған.