93 жастағы соғыс ардагері түрмеде отыр

2775
93
Фото: alau.kz

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz – Қостанай қаласының 93 жастағы соғыс ардагері Иван Сурков қатаң режимдегі колонияда Жеңіс Күнін қарсы алады. Оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Иван Сурков қайтыс болған әйелінің 80 жасар ағасын өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Ол жазасының бір айын өтеді. Бастапқыда ардагердің бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды, алайда кейін шешім өзгерді.

ҚК 161/2 әкімшілігінің айтуынша, Иван Владимирович — колония тарихындағы ең егде жазасын өтеуші. Зейнеткермен үнемі психологтар жұмыс істейді.

Сурков 1925 жылы Қостанай облысында дүниеге келді. 1943 жылы майданға кірді. Курск шайқасына қатысып, 4-ші Украин майданында соғысты, Донбасс, Запорожье, Евпатория, Севастополь қалаларын азат етті. 3-ші Белорус және Балтық маңы майдандарының жолдарымен өтті. Ригу мен Таллинді азат етті. Екі рет ауыр жарақат алды. Соғыстан кейін мектеп мұғалімі болып жұмыс істеді.

Жеңіс күніне орай соғыс ардагерін колониядағы сотталғандар құттықтады. Олар арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, мерекелік плакаттар салып, тақырыптық декорациялар жинап, бірнеше ән орындады.