А.Нозаки:2015 жылы нарықта никель тапшылығы 5 мың тоннаны құрайды

339

2015 жылы әлемдік нарықта никель тапшылығы шамамен 5 мың тоннаны құрайды деп мәлімдеді Sumitomo Metal директоры Акира Нозаки.

Оның болжамы бойынша, LME-де металл 1 сәуір күнінен басталған қаржы жылының қорытындысы бойынша, орта есеппен тоннасына 14330 доллар тұратын болады.
Мыс үшін балама болжам былайша жасалып отыр: тоннасына 6000 доллар. Осы ретте компания басшысы Қытай тарапынан сұраныстың азайып келе жатқанын айта кетті.
Жапония көлемі бойынша әлемде мыс өндіруден екінші орынды алып тұр.
Сейсенбі күні болған Comex нью-йорк биржасындағы сауда барысында мысқа деген маусымдағы келісім-шарттар 1,1 пайызға қымбаттап, бір фунт үшін 2,9355 доллар болды. Бұл көрсеткіш ай басталғалы маскимал өсімді көрсетіп отыр.
LME-де никель 1,3 пайызға төмендеп, бір тоннаға 14090 доллар болды.