АҚШ экономикасы әлсіреді

Фото: Alex Wong / Getty Images

2016 жылдың екінші тоқсанында АҚШ экономикасы 1,2 пайызға өскен. Бұл туралы мемлекеттің сауда министрлігіне сілтеме жасап, Bloomberg агенттігі хабарлайды. Агенттік сауалнамасына жауап берген сарапшылардың сөзінше, өсім 2,5 пайыз деңгейінде болады деп болжанған. Ал бірінші тоқсанда ЖІӨ 0,8 пайызға өскен.

Көрсеткіш сәуір-мамыр айында инвестиция көлемінің 3,2 пайызға төмендеуіне байланысты нашарлаған.

Дегенмен екінші тоқсандағы даму көрсеткіші алдын ала болжамдар бойынша жасалып отыр. Нақты есеп тамыз айының соңында белгілі болады.

Сондай-ақ, АҚШ-тың Федералды резервті жүйесі базалық мөлшерлемені 0,25-05% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады. ФРЖ төрағасы Джаннет Йелленнің сөзінше, алдағы уақытта ақша-несие саясатын қатаңдатпас бұрын қаржы реттеуші АҚШ-тың ЖІӨ өсімі мен халықтың жұмыспен қамтылуы қалыпты екенін анықтап алу керек.