АҚШ-та үлкен мұнай қоры табылды

Фото: Sibnet.ru

Алматы. 18 қараша. 7kun.kz – АҚШ-та үлкен мұнай мен табиғи газ қоры табылды. Оны Техас штатының геологиялық қызметі (USGS) анықтады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап, Прайм хабарлайды.

USGS-тің есептеуі бойынша, Техаста шамамен 20 млрд баррель мұнай, 16 трлн кубометр табиғи газ қоры және 1,6 млрд баррель газ конденсаты бар. Бұл 2013 жылы Bakken-Three Forks формациясында анықталған көлемнен үш есе көп.

«Біздің АҚШ тарихындағы ең үлкен мұнай қорын табуымыз, тіпті осыған дейін миллиардтаған баррель мұнай өндірген аймақтардың өзінде де тағы да мұнай қорын анықтауға мүмкіндік бар екендігін білдіреді»,-дейді USGS энергетикалық ресуртар бағдарламасының координаторы Уолтер Гидрош. Табиғи ресуртардың жаңа қорларын анықтау көлденең бұрғылау технологияларының арқасында жүзеге асып отыр. Бұл әдіс соңғы он жылда жиі қолданылып келеді.

Бұған дейін Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) мұнайға сұраныстың шарықтау шегі 2040 жылға дейін болмайды деп болжам жасаған. Агенттіктің мәліметінше, әзірге мұнай қоры жеткілікті. Дегенмен, қара алтынның әлемдік сұранысы жалғаса береді, себебі мұнайды автокөліктік жүк тасымалдауда, авиацияда және мұнай химиясында басқа затпен алмастыру мүмкін емес.

Мөлдір Иманмәди, «7»