Астанада бұрынғы полиция қызметкеріне 2 млн теңге айыппұл салынды

полиция
Фото: yvision.kz

Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Астанада бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты үкім шықты. Үкім бойынша қызметкерге 2 млн теңге айыппұл салынды.

Астана қалалық қылмыстық іздестіру полициясы бөлімшесінің инспекторы Ә. көліктің мемлекеттік нөмірін шығарып алып, оны қайтару үшін ақшалай сыйақы талап еткен. Алайда жүргізуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне хабарласқан.

Астана қаласының №2 Алматы аудандық сотының үкімімен Ә. ҚР ҚК-нің 366 бабы, 2 бөлігінде көрсетілген қылмысқа кінәлі деп танылып, оған 2 млн-нан астам теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ ол енді өмір бойы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.