Ақтөбеге жаңа әкім тағайындалды

1187
Ақтөбе
Фото: kapital.kz

Ақтөбе. 4 сәуір. 7kun.kz — Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қаулысымен ҚР Президенті, Президент әкімшілігі және қалалық депутаттардың келісіміне сәйкес, Испанов Ілияс Сапарбекұлы Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы kapital.kz хабарлайды.

Ілияс Испанов бұған дейін Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.

«Бізде біраз кадрлдық өзгерістер болды.  Ауданның әкімін ауыстырдық. Облысымызда кадрлар жетіспейді. Мұндай мәселеге кандидаттарды таңдау барысында тап болдық. А корпусында резерв аз», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбев жаңа әкімді тағайындау барысында.