Ақтөбеліктер мемлекетке 78 млн теңге қарыз

542

Ақтөбе. 23 маусым. 7kun.kz — Ақтөбе қаласының қалалық прокуратура өкілдері автокөлік иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізу үшін қаланың орталық көшелеріне шықты. Бұл жөнінде Informburo тілшісі хабарлайды.

Осылайша бақылау органының қызметкерлері автоәуесқойларды әкімшілік айыппұл төлеуді ұмытпауға шақырды.

«Өндірісте сот орындаушылардың қолында 5 200 әкімшілік айыппұлға қатысты орындау құжаттары бар. Яғни, ақтөбеліктер қазынаға 78 миллион теңге төлемеген деген сөз. Неге біз автоәуесқойларға шықтық десеңіздер, әкімшілік айыппұлдардың басым бөлігі осы азаматтардың еншісінде», — дейді Ақтөбе қаласы прокурорының аға көмекшісі Нияз Гильманов.

Прокурорлар акциясына қолдау ретінде қала көшелеріне үш арнайы көлік, екі байкер және «Әкімшілік айыппұл төлеуді ұмытпа!» деп жазылған полиция машиналары да бірге шықты.

Машиналар легі Ақтөбенің орталық көшелерімен өтті.

Бақылау органында әкімшілік айыппұлды ешкім өз еркімен төлегісі келмейтінін айтты. Соңынан біраз еріп жүру керек дейді.

Естеріңізге сала кетсек, әкімшілік айыппұл төлемеген жағдайда, заң бұзушы 10 күнге қамауға алынады.