Ақтау әуежайында SCAT компаниясының ұшағы өртенді

669
Scat

Ақтау. 16 маусым. 7kun.kz — Ақтау әуежайында Scat әуе компаниясының ұшағы өртенді. Компанияның баспасөз хатшысы Виктория Ульянованың хабарлауынша, ұшақ Ақтауға Астанадан келіп қонған. Өрт уақытында бортта адамдар болмаған.

«Иә, бұл шын ақпарат (ұшақтың өртенгені туралы ақпар — 7kun.kz). Әзірше ешқандай нұсқалар жоқ. Ұшақ Астана — Ақтау бағыты бойынша рейс орындады. Штаттық режимде қонды, жолаушылар шығарылып, жүк түсірілді. Осыдан соң әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетіле бастады. Техникалық қызмет көрсетуден кейін өздігінен тұтану болды. Себебі анықталып жатыр», — деп мәлімдеді В.Ульянова.

14344698085k9xn_1000x697

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) жарақат алып, зардап шеккендер жоқ екенін мәлім етті.

В.Улянованың берген ақпаратына сүйенсек, жергілікті уақыт бойынша 18:42-де (Астана уақыты бойынша 19:42) Ақтау әуежайының 202 тұрағында «Астана — Ақтау — 742» рейсін орындаған Scat әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы өртеніп жатыр деген ақпарат келген. 19:12-де өрттің жайылуына қарсы шаралар орындалды, 19:29-да — толығымен өшірілді.

«Өртті тоқтатуға әуежайдың құтқару жасағы жұмылдырылды: 4 техника бірлігі, 11 адам, әскери бөлім: бір техника бірлігі, үш адам, жедел жәрдем, сонымен қатар АІІБ-нің бес адамы, облыстың апаттық-құтқару қызметінің жеке құрамының 6 техника бірлігі және 20 адамы», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Сурет және ақпарат көзі: vlast.kz