МедиаLabТаңдаулы1

Абаевтың кеңесшісі «Егемен Қазақстанға» барды

Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz — Бүгін еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанда»  кадрлық өзгерістер болды. 

Бұған дейін ҚР Ақпарат және коммуникация министрінің кеңесшісі болған Қамбар Ахметов енді Бас редакторының орынбасары қызметін атқарады. Ол бұған дейін «Орталық Қазақстан», «Айқын» газеттерінде, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының медиа орталығында, соңғы жылдары Ақпарат және коммуникация министрлігінде істеген еді.

Сонымен қатар газеттің Алматы облысындағы тілшісі де ауысқан. Жетісу жаңалықтарын енді Егемен арқылы елге белгілі журналист Қалмахамбет Мұқаметқали жеткізбек.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы меншікті тілші Мирас Асан газеттің бас редакциясына ауысқан. Ал Қарағанды облысындағы меншікті тілші қызметін енді Қайрат Абдолла атқармақ.

Tags

Осы айдарда

Close