ABN Amro банкі топ-менеджерлерінің 60 пайызын қысқартады

Фото: abnamro.com

Амстердам. 7 ақпан. 7kun.kz — Голландиялық ABN Amro банкі банк жүйесін қайта құрылымдау кезінде жүзге жуық топ-менеджерлерінің алпысын қысқартпақ.

«Соңғы жылдары банк штаттарының саны айтарлықтай қысқарды. Бірақ қызметкерлердің саны өзгеріссіз қалған», — делінген банктің хабарламасында.

Өткен жылдың қараша айында банк 2020 жылға дейін қызметкерлерінің санын 13%-ға дейін қысқартатыны туралы хабарлаған. Айта кетейік, өткен жылы Нидерландының ең ірі банкінде 26,5 мың адам жұмыс істеген.

ABN Amro-ның акциялары 6 ақпан күні 0,4%-ға арзандаған. Жыл басынан бергі капитализациясы 8,1%-ға немесе 21,15 млрд еуроға дейін өскен. Банктің көп бөлігі (70%) Нидерланды үкіметіне тиесілі.