Ахметжан Есімов: Алматы Қазақстанның ЖІӨ-нің 20%-ын береді

Ахметжан Есімов: Алматы Қазақстанның ЖІӨ-нің 20%-ын береді

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінде сөйлеген сөзінде Алматы қазақстандық Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 20%-ын құрайтыны туралы мәлімдеді деп хабарлайды 7kun.kz.

«Алматы кәсіпкерлік іспен айналысатындардың ең ірі орталығы болып табылады», — деді әкім.

Қала басшысының сөзіне қарағанда, Қазақстандағы әрбір үшінші, яғни 120 мыңнан астам кәсіпорын Алматыда орналасқан. АЛ әрбір үшінші алматылық осы кәсіпорындарда жұмыс істейді екен. Шағын және орта бизнес өкілдері қала қоржынына келіп түсетін салықтың 65%-ын береді.

Кәсіпкерлер ісінің алға басуына кедергі келтіретін мәселелер қатарында А.Есімов өткен жылы тіркелген шағын және орта бизнесті несиелендіру көлемінің азайғанын атап өтті. Бұл кейбір бизнес-жобалардың жабылуына себепші болған.

Ел бюджетіне түсетін кірістің 30%-ын алматылық кәсіпкерлер құяды. Осыдан бес жыл бұрын аталған көрсеткіш 23% болса, өткен жылы 28%-ға ,ал осы жылдың алғашқы тоқсанында 33%-ға дейін жетті.