Айырбастау пунктерінде доллар 383 теңгеден сатылды

60
валюта
Фото: de.sputniknews.com

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 381,68 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (381,56 теңге/$1) ұлттық валюта 0,17 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 381,30 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 381,79 теңге, жабылу курсы бір долларға 381,65 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 46 млн 620 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 131.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 383 теңге, Алматыда – 383 теңге.

Ұлттық Банктің 30 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 381,69 теңгені құрайды.