Айжан Байзақованың Zakova клубы жабылды

Айжан
Фото: restolife.kz

Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – Атышулы Instagram-жұлдыз Айжан Байзақова Telegram-каналында Zakova түнгі клубының жабылғаны туралы жазды.

«Біздің Zakova клубы жабылатыны туралы хабарлаймын. Сіздер кімнің арқасында екенін түсінген шығарсыздар. Бұл бізде ішіп, шегіп, көңіл көтерген тышқандардың кесірінен…Ұялы телефонына түсіріп, желіге салғандардың кесірі. Сіздер өз дегендеріңізге жеттіңіздер, құттықтаймын! Мұндай жағдайда барлық клуб, барларды түгел жабу керек, сіздер сондай қасиеттісіздер ғой»,- деп жазды Байзақова.

1 қаңтар күні клубта соңғы кеш өткен.