Акция

1160
прокуратура
Фото: smolenskcci.ru

Акция – бұл акционерлік қоғам капиталына белгілі ақша сомасының салынғанын куәландыратын, және дивиденд түрінде компанияның табысының бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуға иесінің құқығын бекітетін, эмиссиялық бағалы қағаз. Акциялар ірі табыс алу үшін өзінің капиталын тәуекелге тігуге дайын, инвесторлар үшін ең оңтайлы қаржылық құрал.

Акцияның екі түрі бар: артықшылықты және қарапайым.

Артықшылықты акция – бірінші кезекте белгілі дивиденд алуға құқық береді. Акционерлер жиналысында дауыс беру құқығы АҚ Жарғысына және Қазақстандық заңнамаға сәйкес анықталады.

Қарапайым акция – акционерлік капитал бірлігі, ол бойынша дивидендтер артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленген соң төленеді. Бұл акциялар бойынша дивидендтер мөлшері АҚ қызметінің тиімділігіне және акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне тәуелді. Қарапайым акцияның иесі АҚ қызметіне қатысты барлық мәселе бойынша акционерлер жиналысында дауыс құқығына ие.