Қалаға логотип не үшін керек?

732
Фото:tengrinews.kz

Осы жазда Алматы қаласының бренді тағы бір логотиппен толықты. «Алматыны дамыту орталығы» Алматы қаласының жаңа логотипін таныстырды. Қаланың жаңа брендбугын құрастыру үшін 10 млн теңге бөлінді. Жалпы қалаға логотип не үшін керек? 7kun.kz анықтап көруге тырысты. 

Қала бренді деген не?

Көпшілігі қаланы жолдар, мектеп пен аурухана, сауда орталықтары деп біледі. Барасыз, ұстап көресіз, аралайсыз. Ал қала бренді эмоционалдық кеңістікте өмір сүреді, нақты шекарасы мен функциясы жоқ. Оның ең бірінші орны — сана, қала тұрғындарының санасында өмір сүреді. Қала бренді — біздің қалаға деген қатынасымыз, оны қалай сезінетіндігіміз. Қала бренді тұрғындардың өз ортасына деген сүйіспеншілігі, мақтанышы негізінде құрылады.

Әрине, бренд қаланың барлық проблемалары шешіп бермейді. Бренд арқылы жолдар жөнделіп, мектептер мен балабақшалар көбеймейді. Бренд ең бірінші эмоциямен жұмыс істейді. Ол жоғарыдағы проблемалардың шешілуіне тек жанама әсер етуі ғана мүмкін. Бренд — қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа кеңістік.

Бренд не үшін керек?

Көп жағдайда қала брендингі туристер тарту үшін құрастырылады. 

Барлығы майя пирамидаларының Мексикада екенін біледі. Бірақ ол пирамидалардың Белиза мен Гондураста да бар екені барлығына бірдей белгілі емес. Маңызы жөнінен екінші майя пирамидасы Гватемалада орналасқанында білмейтін болар. Туристердің негізгі массасы майялықтардың туындысын көру үшін тек Мексикаға барады. Қала бренді де дәл осылай жұмыс істейді.

«Брендтелген» қала тауарлары тезірек, қымбатырақ сатылады

Мысалы, германиялық Вольсфургтен шығарылған Volkswagen украиналық Запорожьедегі машинаға қарағанда тезірек сатылады. Немістер сапалы және сенімді жасайды деген қағида ұзақ уақыттан бері сақталып қалғаны рас.

Дұрыс құрастырылған образ қала тұрғындары үшін де жұмыс істейді

Дұрыс қалыптастырылған дүниетаным қаладағы тұрғындардың өзіндік сана-сезімін де көтереді. Бір ғана мысал, қарапайым америкалық Нью-Йорк әлемдегі үлкен мегаполистің бірі емес деп айтып көріңізші?

Қаланы брендтеу идеясын қолдайтын адамдардың көпшілігі — инвесторды негізгі мақсатты аудиториясы деп есептейді. Танымалдылық бойынша туристер екінші орында. Әрі көпшілігі бренд нашар жағдайға көз жұма қарап, қоғамда серпіліс жасауға мүмкіндік деген пікірде. Шындығында солай, бірақ бренд қаланың біртұтастылығына негізделген шынайы болуы қажет. Бренд — мәлімдеме емес, мәлімдемеден кейін сана қалған ой.

Ал логотип?

Логотипті  қала брендінің бір компоненті деп қарастыру қажет. Логотипті тудыруға себепші болатын және оны қажет ететін қаланың негізгі өнеркәсібі — туризм.  Әлемдегі танымал логотиптер арқылы осы саладағы тауарлар саудасы белсенді дамиды. Әсіресе, магнитті жапсырғыштан бастап футболкаға дейінгі кәдесыйлар.

Әлемдегі ең танымал қала логотипі Нью-Йоркке тиесілі. Алғашында I N Y әріптері және қызыл жүрек Нью-Йорк штатының жарнама кампаниясы еді. Жоба авторы Милтон Глейзер жарнамалық акцияның ұзаққа созылмайтындығын біліп, логотипті тегін жасап берген. Өте қарапайым, өте танымал. Қазір бұл символ туристік кәдесыйлардың барлығында бар.

Ал австралиялық Мельбурннің жаңа логотипі үшін үкімет 240 мың доллар жұмсады. «The Age» басылымының жазуынша, жаңа символ Мельбурн билігі қолданып жүрген 50 логотиптің орнын алмастыру қажет ееді. Бірақ көпшілігі логотипті ауыстыратындай Мельбурнде не болып жатқанын түсінбейді. Кенгуру мен рифтер, 2000 жылғы Олимпиада ойындары үйлесім таппаған логотип басым бөлігінде наразылық тудырды.

Қаланың бренд статусына ие болуға себепкер тағы бір жоба — Олимпиада ойындары. Мәдени және материалды артықшылықтарынан бөлек қала әлем бойынша өзін-өзі жарнамалайды. Уақытша болса да миллиондаған адамдар назар аударған орталыққа айналады. Кейде көпшілік Олимпиада ойындарын өткізген қалалар шара біткен соң «Forbes» журналының пікірінше, ең әдемі қалалар тізіміне жатқызылады.

2017 жылы болатын Қысқы Универсиада да Алматы мен жаңа логотипке осындай әсер беруі қажет. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жастар алмалы қаланың жаңа логосы арқылы өз елдеріне жарнамалай алса, сан мақсаттың біреуіне қол жеткізілді деген сөз.