Алдағы демалыс күндері «Көлсай көлдері» ұлттық паркі аумағына барудан бас тартыңыз

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — «Көлсай көлдері» ұлттық паркі алдағы үш күнде, яғни 24-26 маусымда Ұлттық парк аумағында демалысқа келмеуді сұрады. Бұл туралы парк әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ұлттық парк ескертеді: ауа райының басым болуына байланысты (қатты жауын-шашын), Алматы облысының таулы аймақтарында сел, көшкін, өзендер арнасынан шығып кету ықтималдығы жоғары! Алдағы үш күнде, яғни 24-26 маусымда біздің МҰТП аумағына демалысқа келмеуді сұраймыз! Назарларыңызға рахмет!», деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде Көлсай көлдеріне баратын жолды су алып кеткені туралы видео тараған еді. Кешеден бері Кеген ауданы аумағында қатты жауын салдарынан бірнеше ауылдың ішін су басқан.