Alibaba Бойдақтар күні сатылым рекордын жаңартты

18
Фото: 3DNews

Алматы. 12 қараша. 7kun.kz — 11 қараша күні Қытайда Бойдақтар күні тойланды. Дәл осы күні Alibaba Group компаниясының Alipay алаңы арқылы 30,8 млрд долларға сауда жасалды. Бұл 2017 жылғы рекордты көрсеткіштен 27%-ға жоғары. Өткен жылы 11 қараша, Бойдақтар күнінде, 25,3 млрд долларға тауар сатылды.

Ең көп тауарлар сатып алған он елдің қатарына Жапония, АҚШ, Корея, Австралия, Германия, Ұлыбритания, Франция, Испания, Жаңа Зеландия кіреді. Бұл тізімді Италия тұйықтайды.

Bloomberg-тің мәліметі бойынша, ең көп сатылған тауарлар Xiaomi, Apple және Dyson өнімдері болды.

Alibaba Group Бойдақтар күнгі сатылымдарды алғаш рет 2009 жылы іске қосты. Бұл күн Қытайда жыл сайын өтеді, ал төрт бірлік неке құрмаған адамдардың белгісі. Бұл мерекені атап өту дәстүрі 1990-шы жылдары Қытай университеттерінде пайда болды. Мереке дәстүрі бойынша, адамдар өздеріне сыйлық жасайды.