Alibaba мен «Яндекс» серіктестік жасауы мүмкін

Alibaba және «Яндекс» басшылары Джек Ма мен Аркадий Волож екі жақты серіктестік мәселесін талқылады деп хабарлайды «Коммерсант». «Біз бір-бірімізді ұзақ уақыттан бері білеміз. Ол кездесейік деді. Мүмкін алдағы уақытта қандай-да бір жобалармен бірге жұмыс істеуіміз мүмкін», — деп жазады басылым Джек Маға сілтеме жасап.

Оның сөзінше, ол бәрінен де «Яндекс» жүргізіп отырған зерттеулерге қызығады. Сондай-ақ Джек Ма келесі жылы Alibaba ресей нарығындағы келісім-шарттары туралы жариялауы мүмкін. «Біздің тобымыз түрлі әріптестермен келіссөздер жүргізеді, келесі жылы бірнәрсе жариялауымыз мүмкін», — деп түсіндірді ол.

Жақында ғана тарихтағы ең ірі IPO өткізген Alibaba Group Ресейге өкілдігін тіркеді. Alibaba-ға тиесілі онлайн-ретейлер AliExpress Ресейдегі ең танымал интернет-дүкен болып табылады. Оның айына 15,6 млн сатып алушысы бар.