Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып  Әукенов Ерлан Мұратұлы  тағайындалды.

Ерлан Әукенов 1984 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Бредфорд университетінде менеджер мамандығы бойынша білім алған, мемлекеттік саясат магистрі.

2002–2007 жылдары бизнес құрылымдар мен үкiметтiк емес ұйымдарда жұмыс iстедi. 2007–2008 жылдары «Самғау» ұлттық ғылыми-техникалық холдингiнiң активтердi басқару жөнiндегi департаментi директорының орынбасары болып қызмет атқарды. 2008–2010 жылдары Бiлiм және ғылым министрiнiң көмекшiсi, кейiн Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi департаментiнiң директоры болып қызмет еттi. 2010–2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратында басшылық лауазымдарда болды. 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк инспекторы қызметiн атқарды. 2014 жылы 1 сәуiрінен бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары болып келген еді.

Алматы әкімінің орынбасары ретінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, табиғат пен экологияны көгалдандыру, қаланың санитарлық-эпидемиологилық тазалығына, энергетика, өндіріс пен сауда  салаларына жетекшілік етеді.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі қала әкімінің орынбасары Ербол Шорманов басқа қызметке ауысуына байланысты жұмысынан кеткен еді.