Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

1429

Алматы әкімінің жаңа орынбасары болып Арман Қырықбаев пен Әсел Жүнісова тағайындалды. Бұл туралы Today.kz хабарлайды. Кандидаттар ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен ұсынылды.

39 жастағы Арман Оразұлы Қырықбаев 2014 жылдың ақпанынан бастап «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі ретінде тағайындалды. Осыған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2005 жылы Арман Оразұлы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары болды.

Арман Қырықбаев Алматы әкімінің орынбасары ретінде ішкі саясат, дансаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту т.б. істермен айналысады.

38 жастағы Әсел Жүнісова 2014 жылдың ақпанынан бастап «НұрОтан» партиясының Орталық аппаратын басқарды. Бұған дейін ол партияның орталық аппаратын басқарушының орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінің статистикалық реттеу және сараптама орталығы меңгерушісінің орынбасары және осы орталықтың меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсел Жүнісова енді экономика, қаржы және бюджетті реттеу істерімен айналысады.

Еске салайық, 16 қазан күні Алматы әкімінің үш бірдей орынбасары Юрий Ильин, Зәуреш Орынбасарова, Мұрат Құдышев басқа қызметке ауысуына байланысты қызметтерінен босатылған.