Алматы автобустарындағы жолақы қымбаттамайды

жолақы

Алматы. 8 қазан. 7kun.kz — Алматы қаласындағы қоғамдық көліктердегі жолақы қымбаттамайды. Бұл туралы қаладағы автомобиль жолдары және жолаушылар транспорты басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мәлімдеді. 

Оның сөзінше, заңға байланысты жолақы мәселесін қарау қала мәслихатына тиесілі. «Тасымалдаушы компаниялар бірнеше рет жергілікті атқарушы органдарға тарифтерді көтеру мәселесіне қатысты ұсыныс айтқан еді. Бірақ алдымен бізге шығын және табыс бойынша есептеулерін, отынға кеткен шығындарын, қызметкерлерге төленетін жалақы сомасын, қосымша құрылғыларды сатып алғандағы қаржыны және түсім көлемін көрсеткен құжат өткізуі тиіс. Жолаушылар ағынын есептеп, маршруттарды табыстылығын анықтау қажет», — деді ол.

Исаховтың сөзінше, соңғы екі апта ішінде мұндай есептерді 18 тасымалдаушының тек 5-і ғана ұсынған.

«Компаниялардың өзге бөлігі мұндай сұрақ көтерген жоқ, яғни барлығына қанағаттанады. Сондықтан қала тұрғындарына бағаны қымбаттату мәселесі қаралып жатқан деп айта аламын», — деді Алматыдағы автомобиль жолдарының және жолаушылар транспорты басқармасының басшысы.

Еске салайық, осыған дейін бірнеше БАҚ-та Алматы автобустарындағы жолақы қымбаттауы мүмкін деген хабарлама пайда болған еді.