Алматы экономикасы үшін 40 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады

инвестиция

Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz — Алматыда экономикасы үшін 40 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады. 2016 жылдың соңына дейін индустрияландыру картасы аясында 10 жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматы қаласының баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаларды жүзеге асыру арқылы  Алматы қаласының түрлі аудандарында жаңа индустриалды орындар құрылады. Алматы қаласы, Түркісіб ауданындағы жолаушылар вагоны мен жеңіл рельсі транспорт құрылысына арналған «Алматы вагон жөндеу зауыты» жаңаланбақ.

Сондай-ақ, Жетісу ауданында  «Асфальтобетон-1» ЖШС жаңа технологияларды енгізу арқылы асфальт-бетон қоспасын шығару көлемі мен жолды жөндеу жұмыстарын арттырмақ. Бостандық ауданында 2016 жылдың шілде айына дейін «Қауіпсіздік сервисі – Центр СИЗ» ЖШС-ның өрт сөндіру және оттан қорғайтын әмбебап құрылғыларын өндіру ісі артып, жаңаланады. Компанияның басты мақсаты — импорт арқылы келетін тауарлардың жаңа түрін өндіріп шығару.

Жобаларды жүзеге асыруда 4,5 мың жұмыс орны қамтылады.

Фото: total.kz