Алматы облысында кәсіпорындар өндірісінің көлемі артып келеді

1281
кәсіпорын

Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz — Алматы облысында кәсіпорындар өндірісінің көлемі тұрақты дамып келеді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырған кезекті баспасөз туры барысында өндіріс көлемі дамып келе жатқан кәсіпорындардың жұмысы таныстырылды.

Баспасөз-турдың аясында «Компания В» ЖШС өзінің жұмыс барысымен таныстырды. 2000 шаршы метрді алып жатқан зауыт тәулігіне 20 тоннаға дейін макулатураны өңдейді және одан әрі гофроыдыс және картон қорап өндеп шығарады. Өндірісте 130 адам еңбек етіп жатыр, олардың бір бөлігі гофрокартон үшін қағаз өндірісте, ал қалғаны гофроыдыс пен гофро қорап өндірісіне жұмылдырылған.

«Біріншіден біз қағаз жасау жұмыстарын «Даму» қорымен бірге бастадық. Бізде  картон мен қораптарды дайындауға қажетті құрал-жабдықтардың 30%ы жетіспеді. Алайда «Даму» қоры біздің өтінішімізді дереу қарастырды.Қордан алынған жеңілдік несиесінің аясында бізде 50-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды», — дейді компания директоры Вадим Долгополов.

Сондай-ақ, «Goldman and Young» ЖШС  жуғыш құралдарды өндіру бойынша Алматы облысында өндірістік қуаттылығын жылына 1200 тоннаға дейін көбейткен. Қызметінің негізгі бағыты тұрмыстық химия тауарларының шығару болып табылады. Қазір 42 қызметкерлерінің санымен компания жүзден астам өнім түрлерінің шығарады.

DSC_0432Ал «Goldman and Young» ЖШС басшысы Олег Зубковтың айтуынша, 2014 жылы компания өңдеу өнеркәсібі мен қызмет саласындағы қолдау бағдарламасы бойынша несие алады. «Бұл біздің өндірісті өте қатты дамытты. Қазіргі уақытта біз 1600 шаршы метр алаңда жұмыс істейміз. 2012 жылы өндірісті бастаған кезде 60 тонна өнім өндірілді, қазір жылына 1200 тоннаға дейін жетті. «Уолт Дисней» компаниясымен келісімшартқа қол қойылды, ол бізде шығарылатын бренд өнімдері жақын шетелдерге экспорттауға, бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берді» — деді ол.

Ал тамақ өнеркәсібімен айналысатын»Chokoland» жеке компаниясында өндіріс көлемінің нақты өсімі байқалады. Компания 2015 жылы құрылған. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қаржыландыруы арқасында қажетті құралдарды сатып алады және өндірісі айына 200 тоннаға дейін жетеді. «Алматы тәттілері» атты маркамен Қарасай ауданында ашылған цехтың штатында 25 адам жұмыс істейді. Компания басшылығы өз өнімдерін бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асыруда және Қытай және басқа да шетелдік нарықтарға экспорттау жоспарлануда.