Алматы облысыЖаңалықтарТаңдаулы1Экономика

Алматы облысында құны 165 млн доллар болатын зауыт салынады

Алматы. 1 сәуір. 7kun.kz – Мемлекет басшысының өңдеу секторына он трансұлттық компанияны тарту бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Kazakh Invest Farm Frites компаниясының «Картоп өңдеу зауытын салу» инвестициялық жобасын сүйемелдейді деп жазады Primeminister.kz.

2017 жылы Farm Frites картоп сұрыпын сынау жұмыстарын жүргізді және жобаны іске асыру аймағы ретінде Алматы облысы анықталды. Қазіргі таңда Kazakh Invest жер телімін алуға және басқа да консалтингтік қызметтерді беру арқылы көмек көрсетіп жатыр.

Осылайша, жылына 70 мың тонна элиталық картоптың 11 сұрыпын өсіруге арналған орталық салу көзделген. Зауыт құрылысы 2019 жылдың сәуір айына жоспарланған. Жобаның жалпы құны — 165 млн доллар.

Аталған мәселелер «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевпен және инвестициялық жобаның қазақстандық серіктесі ретінде қызмет көрсететін «Eurasia Gold» ЖШС-мен өткен кездесу барысында талқыланған.

Tags

Осы айдарда

Close