Алматы облысында құны 7,4 млрд теңге болатын екі ГЭС салынады

облысында
Фото: commersant.ge

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – Алматы облысында жалпы қуаты 13 МВт болатын екі гидроэлектростанция, сондай-ақ қияр мен қызанақты өсіруге арналған өнеркәсіптік жылыжай және алюминий ұнтақтарын шығаратын зауыт пайдалануға беріледі.

«Baskan Power» ЖШС Алматы облысында 2020 жылы екі су электр станциясының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.

Жоғарғы-Басқан ГЭС-2 құрылысының құны – 4 млрд теңге. Оның қуаты 8,8 МВт құрайды. Жоғарғы-Басқан ГЭС-3 – 3,4 млрд теңгеге түседі. Оның қуаты – 4,2 МВт. Жоғарғы-Бақсан ГЭС-1 2015 жылы пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Алматы облысында 2020 жылы өнеркәсіптік жылыжай пайдалануға беріледі. «Грин Фермер» ЖШС қызанақ пен қияр өсіру үшін құны 974 млн теңге болатын жобаны іске қоспақ. Жылыжайдың қуаты жылына 900 тонна көкөністі құрайды деп болжануда.