Алматы әуежайының жұмысы қайта тексерістен өтеді

Фото:ABilet.kz

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Алматыдағы Қоғамдық кеңесте Универсиада-2017-ге орай, әуежай жұмысына қатысты сұрақтар талқыланды. Бұл туралы  деп хабарлайды Алматы қаласының баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен кеңесте әуежай қызметін қолданушыларға ыңғайлы жағдай жасауға қатысты сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды. Іс-шара барысында Қоғамдық кеңес мүшелері өз ескертулері мен ойларын білдірді.

«Қаланың экономикалық, туристтік, инвестициялық орталық екенін білдіруде әуежай рөлі өте үлкен. Универсиада – 2017 және EXPO-2017 секілді шаралар өтетіндігі осыған дәлел. Болашақта дамудың маңызды саласы ол — туризм. Бірақ қазіргі әуежайы жолаушылар тасымалына лайықты қызмет көрсете алмайды», — дейді Бауыржан Байбек.

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекованың айтуы бойынша, әуежай жұмысын сараптау барысында бірқатар қателер белгілі болды. Ж. Омарбекова көлік тұрағын кеңейту, таксилердің жұмысын қадағалау, әуежайды «тыныш режимге» өзгерту секілді ұсыныстарды да айта кетті.

Кеңес нәтижесінде қала әкімі қателіктерді жөндеу мен жұмысты күшейтуге қатысты тапсырмалар берді.

Бүгінде әуежай тасымалдау көлемі жағынан елімізде алдыңғы орынды алып отыр калька аударма. 2015 жылы 5 млн. әуежолаушыға қызмет көрсетілді. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін 852 бейнебақылау камерасы орнатылған.

 Айза АБЛАКИМ «7»