Алматы жалған ақша жасауда бірінші орында

Қазақстанда жалған ақша мен құнды қағаздарды жасау ісі бойынша тіркелген қылмыстардың көпшілігі Алматы қаласына тиесілі. Бұл туралы Бас прокуратура сараптама жасады деп хабарлайды Казинформ.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, соңғы тоғыз айдағы статистикалық мәліметтер бойынша республикада Қылмыстық Кодкстің 231 бөліміне сай (дайындау, сақтау, орналастыру немесе жалған ақша мен құнды қағаздарды өткізу) 2349 қылмыс тіркелген. Оның 338-і сотқа жіберілді (өткен жылы сараптама кезеңінде 1123 қылмыс тіркеліп, оның 814-і сотқа жіберілген).

Бас прокуратураның сараптамасы бойынша, аталған қылмыстың ең көбі Алматыда (1376), Астанада (404), Павлодарда(101), Қарағанды облысы (89) және Шығыс-Қазақстан облысында (102) орын алған.

Сараптамаға сай, сотқа дейінгі тергеу амалдары сотқа дейінгі біріккен тергеу тізілімінде (СДБТТ) тіркелген қылмыстар бойынша жүргізілді. Жалған ақшалар банк филиалдарында, айырбастау пунктерінде, пошта қызметі бөлімдерінде әшкере болған. Оларды қарапайым қарау кезінде немес дүкендерде, базарларда анықтау мүмкін емес.

Анықтау қиын болғанына қарамастан құқық қорғаушылар жалған ақша жасаушылар мен оны өткізушілерді ұстауда жұмыс атқарып жатыр.

Мысалы, осы жылы Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық тергеу қызметі оперативті іздестіру шаралары кезінде екі адамды қолға түсірді. Олар Петропавл облысы аймақтарына 2000 теңгелік қағаз ақшаларды жасап шығарып, таратқан.

Сондай-ақ, Алматы облысының мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі осы жағдайға байланысты қылмыскер топты ұстады. Олар үш ай ішінде жалған ақшаларды жасап, сақтап және Алматы, Алматы облысы аумақтарына өткізген.

Опреативті тергеу амалдарымен  Қостанай және Жамбыл облыстарының тергеу қызметі де айналысқан. Нәтижесінде 1000 теңгелік купюраларды жасап сатқан қылмыскерлер өз жазаларын алды.

Ал құқық қорғаушылардың осы бағытқа байланысты жұмыстары жалғасып жатыр.