№1 балалар үйінің бұрынғы директоры ақша жымқырды деп айыпталды

ақша
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 5 тамыз. 7kun.kz — Алматыда №1 балалар үйіндегі ақша жымқыру дерегіне қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Сот отырысы №2 Бостандық аудандық сотында судья Елена Кванның төрелігімен өтіп жатыр.

Сот алдына №1 балалар үйінің бұрынғы директоры Гүлмаржан Шунаева мен Алматы қалалық Білім басқармасы қамқорлық бөлімінің бас маманы Сәуле Мұхақожаева келді. 56 жастағы Гүлмаржан Шунаева ҚР Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша айыпталып отыр: 189-баптың 3-бөлігі 2-тармағы — «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу»; 370-баптың 4-бөлігі — «Қызметтегi әрекетсiздiк»; 369-баптың 2-бөлігі — «Қызметтiк жалғандық жасау», 434-баптың 1-бөлігі — «Қылмыс туралы хабарламау».

Ал 42 жастағы Сәуле Мұхақожаева ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») айыпталып отыр. «Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы Шунаева тағылған айыптарды мойындамады. Ал Мұхақожаева кінәсін мойындады», — делінген хабарламада.

отталушыға кепілге алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.