Алматыда 4-7 тамыз аралығында сел көшкіні қаупі сақталады

сел

Алматы. 5 тамыз. 7kun.kz — Алматы қаласының төтенше жағдай департаменті 4-7 тамыз аралығында Алматы облысында сел көшкіні қаупі сақталатындығын хабарлайды. Бұған ауа температурасының жоғарылауы мен жауын-шашын болуы себеп.

Хабарламада қауіпсіздік ережелері де атап өтілген. «Қауіпті аймақты тастап, билікке сел көшкінінен қауіп бар екендігін хабарлау қажет. Қауіптілігі жоғары аймақтарда аса сақтықпен қимылдап, адамдарды қорғау бойынша арнайы жоспарды алдын-ала біліп отыру керек»,- делінген хабарламада.

«Абай болып, сақтанып жүріңіздер», — деп ескертеді ТЖ бойынша департамент.