Алматыда Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені қолдануға беріледі

1268
жылыжай
Фото: comments.ua

Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz — Алматыда аумағы 12 гектарды құрайтын еліміздегі ең ірі жылыжай қыркүйек айында қолданысқа беріледі. Жылыжайды жобалауға еуропалық мамандар тартылған. Кешенгі салуға керекті технология мен құрал-жабдықтың бөлшектері Голландиядан әкелінген. Бұл туралы kursiv.kz жазды.

Жылыжайдан жыл сайын 7 мың тонна қияр мен қызанақ өндірілетін болады. Аумағы 12 гектар болатын нысан 2016 жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі. Жылыжай ашылса, өнімдер 20 пайызға арзандайды, қосымша 200-ге жуық жұмыс орны құралады.
«Ішінің барлығына керекті көмірқышқыл газ да, кәдімгі өзінің ішіне берілетін суы да, ішіндегі температура да автоматтандырылған», — деді «BRB APK» ЖШС директорының орынбасары Шәкен Бөлекбаев.
Қаржылай көмекті Қазагрофинанс көрсетіп, 4 миллиард теңге несие бөлген. Келер жылы жоспар бойынша құны 63 миллиард теңгені құрайтын 9 компания жобасын аяқтап, 1500 жаңа жұмыс орнын ашпақ ниетте.