Алматыда дәстүрлі PR форум басталды

89

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz — Алматыда «Транзиттік коммуникация. Ұзаққа созылатын бәйге» тақырыбымен қоғаммен байланыс мамандарының дәстүрлі PR форумы өтіп жатыр.

Форумды PG Communication агенттігінің директоры Әсел Қараулова мен PR-ы клубының президенті Шынар Жәнібекова ашты. Сондай-ақ, «Ең үздік корпоративтік БАҚ» конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Дәл қазіргі сәтте Досым Сәтпаев, Айдос Сарым, Гүлмира Илеуова, Қарлығаш Еженова, Дмитрий Щеголихиннің қатысуымен сайлау алдындағы коммуникациялар тақырыбы талқылануда.

Екі күнге созылатын форумда Қазақстандық блог саласы, PR кейстер, PR-ағы аналитика, Қазақ тілді аудиториямен тиімді коммникация жүргізу тақырыптары талқыланбақ.

Форумға жүзге жуық қоғаммен байланыс, медиа мамандары қатысуда.