Алматыда халықаралық көрме өтті

көрме

Алматы. 2 қараша. 7kun.kz – Алматыда 2-4 қараша аралығында алты халықаралық тағамдық өнімдердің көрмесі өтеді. 

Көрмеге 31 елдің сарапшылары жиналмақ, олар: Аустрия, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Венгрия, Германия, Үндістан, Индонезия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, ал жалпы топтардан Венгрия,  Германия, Үндістан, Иран, Италия, Пәкістан, Польша, Ресей, Өзбекстан және Шри-Ланка елдері қатысады.

WorldFood Kazakhstan көптеген азық-түліктерін  көрмеге шығарып, 400-ден аса халықарылық компанияларды қатыстырды. Жыл сайын өтетін тағамдарды дегустациялау байқауында биыл 18-рет  тамақ өнеркәсібі саласының үздіктерін анықтайды.

AgroWorld Kazakhstan  көрмесінде құс шаруалығы бойынша конференция өткізіледі, ол жерде құс шарашылығының мамандары, сарапшылыры Қазақстандағы құс шаруашылығын дамытудың қазіргі жағдайы мен мәселелерін, сондай-ақ,  болашағын талқылайды. Конференция  құс өсірушілер одағымен  бірлесіп өткізіледі.

Одан бөлек, HOREX көрмесі қатысушылар мен қонақтарға шараның екі басты оқиғасын көрсетті: біріншісі — Халықаралық гостраномиялық “Деларук – 2016” кубогі, екіншісі — HOREX 2016 форумы. Шара ұйымдасырушыларының айтуынша, аталған жобаларға ең үздік мамандар қатысады.

Ұлдай ЖАНЛБЕК, «7»